2 қараша күні №13 мектепте Жылыой ауданы білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 24 қазандағы №5-11-4/3902 –И хаты және Атырау облысы білім беру басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы №15-4-33/3071 санды хаттары негізінде күзгі каникул кезінде ата-аналар қауымдастығына арналған Қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды. Қоғамдық тыңдауға қатысуға әр сыныптың ата-аналар комитеті шақырылды. Қоғамдық тыңдауға мектеп директоры, тәрбие ісі орынбасарлары мен оқу ісінің орынбасарлары, 47 ата-ана, 15 сынып жетекші, қоғамдық кеңесінің төрағасы Айтпаева Тоты Қайырқызы, қамқоршылық кеңесінің төрағасы Сәбитов Олжас, аудандық «Кең Жылыой» газетінің тілшісі Е. Қошақанов қатысты. Жиналысты мектеп директоры бастап, ата-аналарға Атырау облысы Білім беру басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен келген хатымен таныстырды. Қоғамдық тыңдау мақсат, міндеттері туралы айтып өтті.

 

Қоғамдық тыңдау арқылы ата-аналардың «Білім туралы» Қазақстан Республикасы заңының талапатарына сәйкес маңызды мемлекеттік және басқарушылық шешімдер қабылдауды талқылау процесіне қатысуға толықтай құқықтары бар екені айтылды.

 

Директордың оқу ісі орынбасары Б.Исабаева мен А.Буранова 2018-2019 оқу жылы бойынша І тоқсандағы білім сапасы бойынша есеп берді. Тәрбие ісі орынбасары Н.А. Шыңғысова Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жөнінде ақпарат беріп өтті. Тәрбиенің 8 басым бағытының мақсат, міндеттеріне тоқталып өтті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша 2 сынып жетекшісі Ж.А.Намазбаева «Мектеп пен отбасы: қарым-қатынас принциптері» тақырыбында, 7 сынып жетекшісі Ізтілеуова Ш. А «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында баяндама қорғады.

 

Алдағы уақытта қоғамдық тыңдау әр тоқсанның аяғына жоспарланды.

 

 

Мектеп әкімшілігі