Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы:

49-бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері

  1. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің:

1) баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға;

2) ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға;

3) білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;

4) өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардан консультациялық көмек алуға;

5) балаларының шарттық негізде қосымша қызмет көрсетулер алуына құқығы бар.

  1. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер:

      1) балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;

      2) балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке беруді айқындай отырып, мектеп алды даярлығын қамтамасыз етуге;

      3) білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға;

      4) балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге;

      5) білім беру ұйымы жұмыскерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

      6) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға;

      7) білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.

 

 

«№13 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ- сі еңбек тәртіптемесінің ережесі

 

І.Ата – аналардың құқықтары мен міндеттері (заңды өкілдерінің).

  1. Ата – аналар (заңлы өкілдері) міндетті:
  • Өз балаларын тәрбиелеуге, олардың жалпы білім алуына және олардың орта (толық) жалпы білім алуына қажетті жағдай жасауға, оқушылардың сабақ қатынастарын уақытылы бақылап отыру үшін жауапкершілік алып баруға;
  • Мектепке оқушы туралы уақытылы қажетті құралдармен, соның ішінде спорттық киімдермен, ауыстыратын аяқ киіммен, еңбекке оқытуға арналған формамен қамтамасыз ету жауапкершілігін алып баруға;
  • Мектеп пен ата-ана арасында келісім жасау аясында ата-ананың және басқа да заңды өкілдерінің мектептің ата-аналар жиналысына қатысуын міндеттеу жағдайын қарастыру мақсатында шақырған уақытына қарай сынып және жалпы мектептік ата – аналар жиналыстарына қатысуға, мектепке педагогтардың, әкімшіліктің шақыруымен келуге;
  • Қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларды білім алушылардың мектеп мүлкіне келтірген зиянын өтеуге;
  • Мектеп қызметкерлерінің еңбегі мен құқығын құрметтеуге, олардың беделін қолдауға;
  • Қолданыстағы заңнамадағы нормаларды, Жарғы мен осы Ереженің талаптарын орындауға.

 

  1. Ата – аналар (заңды өкілдері) құқығы:
  • Балалардың заңды құқықтары мен мүддесін қорғауға;
  • ҚР қазіргі заңнамаларына және мектептің Жарғысына сәйкес мектепті басқаруға қатысуға;
  • Мектеп Жарғысы мен білім беру үрдісінің ұйымдасу тәртібін белгілеуші басқа құқық орнатушы және нормативтік құжаттармен, соның ішінде осы Ережемен танысуға;
  • Сабақтарға (әкімшілік пен оқытушының келісімімен) және оқу, оқудан тыс қызметтің басқа түрлеріне қатысуға;
  • Қолданыстағы заңнаманың шеңберінде еріктіліктің негізінде сыныптың, мектептің дамуына қайырымдылық түрінде материалдық көмек көрсетуге;
  • Мектеп Жарғысы мен осы Ереже шарттарының орындалуын талап етуге.